Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Шұбарқұдық ауылынан 40 шықырым жердегі жергілікті маңызы бар «Қалмақырған-Темір» тас жолының 16 шақырымында болған. Көліктің жүргізушісі құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында арнайы ТЖМ автокөлігінде орнатылған жүкшығырдың көмегімен жеңіл автокөлік қауіпсіз жерге шығарылды.