Ақтөбеде жас жігіттер тірі кірпіні доп қылып ойнаған

16 Мамыр, 23:37 702

Ақтөбедегі Триатлон паркінде кірпіні доп қылып теуіп ойнағандар ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, бұл жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында бір топ жастың футболды тірі кірпімен тепкілеп ойнағаны анықталды. Тексеру барысында бұл оқиға Ақтөбе қаласында болғаны расталды. Күдіктілер анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Жануарларға қатыгездік жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген мәліметте.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҚК-не сәйкес, жануарларға қатыгездікпен қарау, оның мертігуіне әкеліп соққан жағдайда, 120 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 30 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Зарина Арман
Бөлісу: