Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе қаласы полиция басқармасының мәліметінше, 1 тамыз шамамен сағат 11:00-де Самара-Шымкент автожолының 765 шақырымында Mercedes жүк көлігі мен ВМW автокөлігі соқтығысқан.
Оқи отырыңыз:
Салдарынан BMW автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тауып, бір жолаушысы Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілді, деді Ақтөбе қаласы ПБ бастығы Әсет Калиев.
Осы орайда, облыстық полиция департаменті автокөлік жүргізушілерінен жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.