Ақтөбеде заңгер алаяққа алданып қалды

4 Қараша 2022, 12:02 2053

Аталған факті бойынша күдікті адамды анықтауға және ұстауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр

Ақтөбеде заңгер алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазан айының соңында Темір ауданындағы мекемелердің бірінің заңгеріне белгісіз адам қоңырау шалып, өзін тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымының қызметкері ретінде таныстырған.

Қоңырау соғушы оның атына алаяқтар бір млн теңгеден астам несие рәсімдеп жатқанын және шоттарды қорғау үшін қоңырау шалушы ұсынған қауіпсіз шотқа ақша аудару қажет екенін айтқан.

Күдікті жас жігіт қоңырау шалушының нұсқауларын орындап, бір млн теңгеден астам қаражатынан айырылған. Осы факті бойынша күдікті адамды анықтауға және ұстауға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде.

EL.KZ
Бөлісу: