Ақтөбеде үйінен шығып кеткен 13 жастағы баладан әлі хабар жоқ

7 Маусым, 13:40 1160

Үйінен шығып кеткен 13 жастағы Жетру Кәрмінен әлі хабар жоқ, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, баланы іздеуге 500-ге жуық адам тартылды, оның ішінде полиция қызметкерлері, ТЖБ қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ қызметтік иттер және 40 техника, 3 квадроцикл, 2 қайық, 4 жылқы, ұшу аппараттары пайдаланылды.

Полиция үйлердің шатырлары мен аулалары, кәріз люктері, шұңқырлар, орман алқаптары тексеріліп жатқанын мәлім етті.

Сондай-ақ, бағдарлауды көрсете отырып, қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер мен сауда орталықтары тексеріліп жатыр. Кәмелетке толмаған Жетру Кәрімнің жоғалғаны туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды, - дейді полицейлер.

Айта кетейік, аутизм диагнозы қойылған Кәрім 4 маусым күні ата-әжесінің үйінен шығып кеткен еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: