Ақтөбеде үйін су басқан шаруа қожалықтары құтқарылды

27 Наурыз, 00:30 638

26 наурыз сағат 23.30-да қардың еруі мен еріген су ағынының салдарынан Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданына қарасты Бірлік ауылынан 7 км жерде "Алтынай" шаруа қожалығының үйін су басты, депхабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

ТЖД жедел құтқару жасағының  күшімен Ембі қаласына 3 қызметкер эвакуацияланды.

Ал Шалқар қаласының аудан орталығынан 10 км қашықтықта 67 разъезде еріген қар суының жиналуынан 4 үй мен 2 аула учаскесі су астында қалды.

Шалқар қаласына 6 адам эвакуацияланды. Еріген қар суын бұру бойынша авариялық-құтқару және инженерлік жұмыстарды жүргізу үшін 43 адам және 2 техника тартылды. 32 ірі қара мал қауіпсіз аймаққа құтқарылды,-делінген ТЖМ мәліметінде.

 

Зарина Арман
Бөлісу: