Ақтөбеде үлескерлер 2,5 млрд теңгеге алданып қалды

26 Сәуір, 11:07 669

Ақтөбеде үлескерлер 2,5 миллиард теңгесінен қағылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысы прокуратурасының үйлестіруімен ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы және 279-бабы 1-бөлігі («Алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру, сондай-ақ құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе талаптарды бұзу») бойынша соталды тергеу-тексеру аяқталды.

2019-2023 жылдар аралығында Safina тұрғын үй кешенінің басшысы және бір серіктестіктің директоры Ақтөбе қаласының 12-ші ықшам және «Алтын Орда» аудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер береміз деген желеумен үлескерлердің 2,5 млрд. теңге қаражатын иемденген.

Осы жылдың 25 сәуірінде Ақтөбе қаласының прокуратурасымен екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды.

Ақтөбе облысының прокуратурасы азаматтарға қырағы болуға және алаяқтардың айласына түсіп қалмауға шақырады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: