Бүгін Ақтөбе қаласы Астана ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде пәтер иелерінің кооперативі кабинетінде өрт болып, ішіндегі электр қалқаны жанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ күшімен түтін басқан аймақтан баспалдақ маршымен 7 адам құтқарылып, 35 адам эвакуацияланды. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, шығу себебі анықталуда.
ТЖМ азаматтардан тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.