Ақтөбеде төбелес кезінде екі жасөспірім көз жұмды

3 Қаңтар, 15:08 1610

Қайғылы оқиға қаңтардың 2-сінен 3-іне қараған түні болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалаға қарайтын Қызылжар ауылында төбелес болғаны туралы полицияға хабар берілген.

Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері жетіп, «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық істі тіркеді.

Алдын ала болжам бойынша, текетірес Instagram-да басталған. Жасөспірімдер көзбе-көз кездесіп мәселені шешпек болған.

2 қаңтар күні түнгі 23:00 шамасында екеуі пышақ жарақатын алып, есін жимастан көз жұмған.

Бұл іс бойынша процессуалды прокурор тағайындалды. Облыс прокуроры істі жеке бақылауына алды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: