Ақтөбеде тағы бір есірткі жеткізу арнасы анықталды

26 Сәуір 2023, 12:00 912

Ақтөбеде кезекті синтетика жеткізу арнасы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

17 сәуірде Ақтөбе облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Завоводская көшесінде 26 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Hyundai Accent автокөлігін тоқтатты. Көлікте жолаушы болды.

Күдіктінің жалдамалы пәтерін тінту барысында 1,5 кг-нан астам «синтетика» тәркіленді.

ҚК-тің 296-бабының 4-бөлігі, 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер ҚПК 128-бабының талаптарына сәйкес, УҰИ-ға қамалды.

ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге, 297-бабының 1-бөлігімен мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Равиль Ашығали
Бөлісу: