Ақтөбеде су тасқынынан келген шығынды анықтау үшін комиссия құрылды

26 Наурыз, 22:27 829

Ақтөбе облысының Темір ауданы бойынша су тасқынынан келген материалдық шығын көлемін анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкімі Асхат Шахаров су тасқыны жағдайы тіркелген Темір ауданының Шұбарқұдық ауылына барды. Өңір басшысы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов, департамент басшысы Нұрғали Жүнісовпен бірге ауылды аралап, ахуалмен танысты.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта ауылда су деңгейі түскенімен, жаңбыр жауып тұр. Аудандық су тасқынына қарсы штаб мәліметінше,  5үйге су кірген, 7 көшені және 34 ауланы су басқан. 

Ахуалды тұрақтандыру үшін әскери қызметшілермен қосқанд 200-ден астам адам мен 34 техника жұмыс істеп жатыр. Су айдау жұмысы мен ағыстың бағытын бұру, бөгеу ісі қарқынды. Сондай-ақ, қосымша көмекке Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 52 қызметкері келді. 5 техника және 8 су соратын мотопомпа жеткізілді,-делінген мәліметте.

Аймақ басшысы тұрғындармен кездескенде арнайы комиссия жұмыс істеп бастағанын, төтенше жағдай жарияланбаса да, үйлеріне зақым келген тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді. 

Зарина Арман
Бөлісу: