Ақтөбеде су тасқынына қарсы жұмыстарға полиция жұмылдырылды

26 Наурыз, 11:19 902

Ақтөбе облысында полиция су тасқынынан қорғану жұмыстарына белсене араласуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Темір ауданының Шұбарқұдық ауылында еріген қар суының көптігі жағдайды ушықтыруда. Сары ағыс арық жүйесінің арналарынан асып, ауыл ішіндегі жолдарды шайып кетіп жатыр.

Тұрғындарды су тасқыны қаупінен қорғау үшін полиция төтенше жағдай қызметі және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әрекет етуде. Үйлердің маңайына құм тасып, қоршаулар құру жұмыстарына тәртіп сақшылары да жұмылдырылған.

Сондай-ақ, су басқан жерлердегі көлік қозғалысы, қоғамдық тәртіп, азаматтардың мүлкін қорғау жұмыстары да жіті бақылауда.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: