Ақтөбеде шахтадағы апаттан бір жұмысшы қаза тапты

Кеше, 20:31 583

Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы "Болашақ" шахтасындағы жарылыстан зардап шеккен үш жұмысшының бірі қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Апат кезінде жұмысшы тікұшақпен көпсалалы облыстық ауруханаға шұғыл жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. 

«Қазхром»ТҰК» АҚ  марқұмның отбасына моральдық өтемақы төлеп, жерлеу рәсімінің шығындарын көтеретінін мәлімдеді. Апаттан қаза тапқан жұмысшының туыстарына "ҚР Еңбек міндеттерін орындау барысында жұмысшыларды міндетті сақтандыру"  туралы заңына сәйкес  10 жылдық орташа еңбекақысы мөлшерінде өтемақы төленеді. Сонымен қатар, "Қазхром" марқұмның балаларын оқытып, отбасы мүшелерінің бірін жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастыратынын атап өтті. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: