Ақтөбеде құрылыс компаниясының басшысы үлескерлердің 421 млн теңгесін қолды қылған

9 Сәуір, 14:09 419

Ақтөбеде «Жилище» құрылыс компаниясының төрағасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысы прокуратурасының мәліметінше, зардап шеккен 75 үлескер тұрғын үй құрылысына 421 млн теңгеден астам қаражат салған. Алайда компания Ақтөбе қаласында екі үйді салмаған.

Жалпы, облыс аумағында жалпы 11 проблемалық үлескерлік құрылыс бар, олар бойынша 745 жәбірленуші болса, залал – 5,6 млрд теңге.

Былтыр өңірде бес құрылыс компаниясының басшылары 8 нысан бойынша қылмысқа тартылып, 6 жылға сотталды.

Прокуратура органдары азаматтарды құрылысшылардан барлық рұқсат құжаттарынталап етуге шақырады, мысалы:

• тұрғын үйдің құрылысының толық даярлығы.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: