Ақтөбеде қорап ішінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды

20 Желтоқсан 2022, 18:42 1075

19 желтоқсан күні сағат 22:05-те полицияға Ғ.Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған баланың өлі денесі табылғаны туралы хабарланған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz.сілтеме жасап. 

Осы факті бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, жаңа туған ер баланың мәйітін анықтады.

ҚР ҚК-нің 100-бабы "Ананың жаңа туған баланы өлтіруі" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ананың жеке басын анықтау үшін жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: