Ақтөбе облысында полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылауға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе облысы ПД патрульдік полиция инспекторлары жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, 1000-ға жуық көлікті алып жүрді.
Полицейлер жүргізушілерге ауа райының қолайсыздығын ескеріп, көліктің техникалық жай-күйін тексеруді және қатты боран кезінде жолға шықпауға кеңес береді.