Ақтөбеде онлайн казино жабылды

9 Сәуір, 18:16 476

Ақтөбеде онлайн казино жабылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Онлайн казино ойыншылары 22-30 жас аралығындағы жастар болған.

Ақтөбе облысының прокуратурасы интернет казино ұйымдастыру бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады. Аймақтық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті онлайн казино режимінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған және басқарған 4 адамға қатысты қылмыстық істі аяқтады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық қудалау органымен қылмыстық жолмен табылған жылжымалы және жылжымайтын мүлікті қамауға алынды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: