Ақтөбеде мектеп оқушысы жұмбақ жағдайда көз жұмды

24 Желтоқсан 2022, 15:00 3318

Ақтөбе облысы Шалқар ауылы Айшуақ ауылында мектеп оқушысы жұмбақ жағдайда мерт болды. Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 20 желтоқсан күні болған.

Шалқар ауданының Айшуақ ауылында кәмелетке толмаған баланың денесі табылды.

«Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өзге де ақпарат жария етуге жатпайды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Оқиғаның қалай болғаны әзірге белгісіз. Полиция күдікке ілінгендер туралы да ақпарат бермеді.

Шалқар аудандық ауруханасының бас дәрігері Жангелді Былқайырдың айтуынша, оқиға болған күні 9-сынып оқушысын алдымен мейірбикенің үйіне апарған.

Баланың тыныс алмай жатқанын білген мейірбике үй жанында тұратын дәрігерге хабар берген.

Ол да кәмелетке толмаған баланың мерт болғанын айтып, полиция шақырды.

Айшуақ дәрігерлік амбулаториясына апарып, сараптама тағайындалды.

EL.KZ
Бөлісу: