Ақтөбеде мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

14 Қыркүйек 2023, 15:38 1580

Ақтөбе қаласындағы №8 орта мектептің 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Ол көршісінің сарайында асылып қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбедегі еріктілер баланың жоғалғаны туралы хабарлама таратып, іздеу жүріп жатқанын мәлімдеген еді. Деректерге сүйенсек, 16 жастағы бозбала 12 қыркүйек күні шамамен сағат 19:00-де шығып кеткен. Үстіне шорты мен футболка киген.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бозбала 13 қыркүйек күні көршісінің сарайынан табылды.

Полиция бөліміне көршілерінің сарайынан 2007 жылы туған кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауының себебі анықталады, - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Мектеп әкімшілігі болған жайды инспектордан естіген. Оқушы сабақтан қалмаған, мінезі де ашық болған.

Ол – біздің мектептің 11-сынып оқушысы. Биылғы оқу жылында сабақтан қалмай келді. Сабақта жүрген бала өзі. Осы мектеп ашылғалы бізде оқыды. Тәртібі жақсы, мінезі ашық. Жоғалған күні де сабаққа келді. Ашық-жарқын бала. Оқиға туралы мектеп инспекторы айтты. Кешкілік естідік. Нақты жағдай туралы білмей отырмыз, - деді Ақтөбе қалалық №8 орта мектеп директоры Айсұлу Жақсыбаева.

Равиль Ашығали
Бөлісу: