Ақтөбеде күйеуі мен үш баласының өліміне кінәлі деп айыпталған әйелге сот үкім шығарды

12 Сәуір, 15:51 1561

Былтыр Самара-Шымкент тасжолында ірі жол апаты болып, бірнеше адамның өмірі қиылған еді. Оқиғаға күдікті деп танылған әйел сотта ақталып шықты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Көлік тізгінін ұстаған 30 жастағы әйел күйеуінен, үш баласынан айырылып қалды. Тергеу дерегі бойынша, әйел қарсы жолға шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан.  Алайда, сотта бұл нұсқа толық емес деп танылды. Оның алдындағы көлікті басып озу үшін қарсы жолаққа шыққаны жоққа шығарылды. Сотта әйел өз жолағымен қозғалғаны дәлелденді.

Жол көлік апатына жанармай тасымалдайтын көлікті басып озамын деген жүк көлігі қарсы жолға шығып кетуі себеп болған. Мұны көрген әйел тежеуішті басқанымен, жол апатынан қашып құтыла алмаған. Куәгерлер бұл деректі растады.

Нәтижесінде Әйтекеби аудандық соты күдіктінің жол ережесін бұзғаны дәлелденбегендіктен оны ақтау туралы шешімге келді. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: