Ақтөбеде көлік басқару құқығы жоқ жүргізуші автобус айдаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, жолаушылар автобусын тиісті құжатсыз айдаған жүргізушіге айыппұл салынды.
Қарғалы тұрғын алабында полиция қызметкерлері ПАЗ автобусын тоқтатты. Тексеру кезінде фирмалардың бірінің қызметкерлерін тасымалдайтын автобус жүргізушісінің жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды. Автобус арнайы автотұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, - делінген мәліметте.