Ақтөбеде көпқабатты үйден 45 адам эвакуацияланды

28 Қыркүйек, 21:31 953

Ақтөбе газ құрылғысында қараусыз қалдырылған тамақтың салдарынан 45 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Ақтөбе қаласының Алматы ауданында болған. Тоғыз қабатты тұрғын үйде тамақтың бақылаусыз қалуынан бірінші қабаттағы пәтерде түтін пайда болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері 45 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Түтін сейілді, зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ азаматтардан тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды,-делінген хабарламада.

Зарина Арман
Бөлісу: