Ақтөбеде көлік соққан жасөспірім көз жұмды

29 Маусым 2023, 14:43 998

Ақтөбеде жеңіл көлік пен скутердің соқтығысуы салдарынан кәмелетке толмаған бала қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 28 маусым Ақтөбе қаласында Әбілқайыр хан даңғылының бойында Нұр-Ғасыр мешітіне қарама-қарсы жерде болған. Ваз 21103 автокөлігі мен кәмелетке толмаған баланың басқаруындағы скутер соқтығысты.

Салдарынан скутердің жүргізушісі 17 жастағы жасөспірім Ақтөбе қаласының Балалар ауруханасына жеткізіліп, бірнеше сағаттан кейін алған жарақаттарынан жансақтау бөлімшесінде қайтыс болды. Скутердің жолаушысы 19 жастағы жігіт ауруханаға жатқызылды, - делінген мәліметте.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: