Ақтөбеде кәмелетке толмаған үш қыз іздестіріліп жатыр

9 Желтоқсан 2023, 14:40 1094

Ақтөбеде 8 желтоқсанда полицияға "Аяла" кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы тәрбиешісінің көмекшісі хабарласып, сағат 23:00 шамасында орталықтың үш тәрбиеленушісі терезені сындырып қашып кеткенін хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар Мырзакенова Манар Абайқызы - 05.06.2006 ж.т. Бойы 160 см, дене бітімі орташа, шашы қара.

Тезекбаева Амина Иманқұлқызы - 14.03.2006 ж.т. Бойы 165 см, дене бітімі арық. Шашы қоңыр. Сол жақ иықта меңі бар.

Дошонова Жұлдызай Мұратбекқызы - 01.10.2006 жылы туған. Сұры түсті спорттық киім киген.

Іздеуге полицияның кешенді күштерінің нарядтары, еріктілер бағытталған.

Кәмелетке толмағандардың орналасқан жері туралы ақпараты бар барлық азаматтардан “102” немесе 8 771 785 1058 телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: