Ақтөбеде есірткі жасырып кетушілер қолға түсті

21 Қараша 2023, 01:28 629

Ақтөбеде есірткі жасырып кетушілер қолға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер ведомствосының телеграм-арнасы таратқан мәліметке сүйенсек, ұсталғандар – облыс орталығының 20 жастағы екі тұрғыны.

Олардың біреуінен полиэтилен пакет тәркіленді, оның ішінде 186 дана орамша, болжам бойынша, салмағы 500 грамм мефедрон, кеңсе пышағы, 8 дана изолента, zip-пакеттері және электронды таразы. ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Берік Арманов
Бөлісу: