Ақтөбеде ер адам тауып алған банк картасымен 160 мың теңгеге сауда жасаған

13 Ақпан, 11:44 1946

Ақтөбеде ер адам бөтеннің картасындағы ақшамен сауда жасаған, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Полицияға жергілікті тұрғын банк картасын жоғалтқаны туралы арызданды. Жәбірленушінің картасының жоғалғанын телефон нөміріне ақша алынғаны туралы хабарламалар келе бастағанда ғана білген.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Тергеп-тексеру барысында ер адам банк картасын көшеден тауып алып, бірнеше сауда дүкендерінен өзіне қажетті заттарға табылған картамен төлем жасағаны анықталды. Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 160 мың теңгеден асты.

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті кінәсін мойындады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: