Ақтөбеде 38 жастағы ер адам пайдалануға берілмеген жаңа көпқабатты тұрғын үйдің лифт шахтасына құлап, көптеген жарақат алған, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға Ақтөбе орталығындағы облыстық Нұрғасыр мешітіне қарама-қарсы орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болған. Жұмысшы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жаңа ғимараттың лифт шахтасына құлап кеткен. Белгілісі, жаңа ғимарат әлі эксплуатацияға берілмеген.
Қазір зардап шеккен ер адам ауруханада жатыр. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, ол басы мен кеудесінен жарақат алған, сонымен қатар оның білек сүйектері сынған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері арқан байлаған зембілмен сыртқа шығарған.