Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында демалыс аймағы мен ойын-сауық саябағы салынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған жобаның жалпы құны – шамамен 4 миллиард теңге. Болашақта 200-ге жуық жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. «Samet International» ЖШС-нің «Qargaly Eco Resort» жобасы тұрғын үй және ойын-сауық объектілерін, мейрамханаларды, спорт және ойын алаңдарын, сондай-ақ жайлы демалу үшін түрлі инфрақұрылымдық объектілерді қамтитын экологиялық таза курорттық аймақ құруды көздеп отыр.
Компания жобаны өз қаражаты есебінен іске асырмақ. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 2022 жылы су қоймасының аумағында 29,2 млн теңгеге электр беру желісі жүргізілді. Жазда мұнда 8 және 4 орындық екі демалыс үйі жұмыс істей бастады, олардың жанында пирстер мен үш контейнер орналастырылған. Жоба су қоймасы аумағында туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Қазақстаннан да, шетелден де туристерді тартуға ықпал ететін жаңа объектілерді одан әрі кеңейтуді және құруды септігін тигізбек.
Біз алдағы су тасқынына дайындық аясында Қарғалы су қоймасының жай-күйін қарап шықтық. Бүгінде ол 200 миллион текше метрге толды. Көктемде тағы 150 миллион текше метр су келеді деп күтілуде. Біз жағдайды мұқият қадағалап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз. Сонымен қатар, су қоймасының айналасын абаттандыру жоспарлануда. Мұнда жергілікті тұрғындар мен туристер үшін бірегей демалыс орнын құрмақпыз. Қарғалы ауданындағы табиғат өте керемет және біз мұнда туризмді белсенді дамытамыз. Жолдарды ретке келтіріп, ұялы байланысты жақсартамыз. Біз ауданда туристік саланы дамыту бойынша өз идеяларын ұсынған кәсіпкерлермен кездестік және оларды міндетті түрде қолдаймыз. Туризмнің дамуы Қарғалы ауданының өсуі мен өркендеуі үшін жаңа мүмкіндіктер беретініне сенімдімін, - деп атап өтті әкім.