Ақтөбеде балаларға бұрышты газ шашқан жасөспірім қамалды

8 Шілде, 19:49 420

Ақтөбеде балаларға газ шашып, белгісіз бағытқа кетіп қалған жасөспірім шекарада ұсталып, тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті балаларға бұрышты газ шашқан жасөспірімді қамауға алу сәтін көрсетті. Видеодан жасөспірімнің № 5 камераға қамалғанын көруге болады. 

Балаларға газ құтысын қолдану фактісі бойынша ұсталған кәмелетке толмаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Зарина Арман
Бөлісу: