27 наурызда Ақтөбедегі Есет батыр тұрғын алабында жол опырылып түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облыстық әкімдігінің мәліметінше, «Қазмұнайгаз» жанар-жағармай құю бекетінен бастап жол жабық.
Көліктер уақытша Қарғалы тұрғын алабы және Кірпішті ықшамауданы арқылы жүретін болады. 12-шағын аудандағы айналма жолдың тұсынан мал базарға апаратын жол жабық, - делінген мәліметте.
Әкімдік бұл бағыттарда жол қозғалысы бір-екі күннің ішінде қалпына келтірілетінін алға тартты.