Ақтөбеде адамдар тегін донер үшін төбелесіп қала жаздады

16 Мамыр 2023, 20:55 1064

Ақтөбе қаласында донер дүкенін ашқан кәсіпкер жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әлеуметтік желіде Ақтөбе қаласында жаңадан ашылған донер дүкені маңына жүздеген адамның жиналып, бір-бірін таптап кете жаздаған видеосы тарады.

Белгілі болғандай, кәсіпкер әлеуметтік желі арқылы дүкеннің ашылуына орай тағамның тегін таратылатынын хабарлаған. Кеше сағат 14:00-де сауда орнының ашылуы болып, оған бірқатар блогер шақырылған. Видеодан шараға жиналған адамдар қарасы қалың екенін көруге болады. Жастардың топ-тобымен жүріп, бір-бірін таптап өтуге шақ қалған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от АКТОБЕ | AKTOBE | 04 (@aktobe365)

Полиция осы оқиға байланысты әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеді.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша хаттама толтырылды. Кәсіпкерге 55 мың теңге айыппұл салынды, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

 

Берік Арманов
Бөлісу: