Ақтөбеде адам тонамақ болған екі студент қамауға алынды

2 Наурыз, 09:43 706

Ішкі істер министрлігі студентке қарсы ауыр қылмыс жасады деген күдіктілердің Ақтөбеде ұстағанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

19 ақпанда белгісіз екі адам 22 жастағы студентті қорқыту арқылы одан қолма-қол ақша мен жеке мүлкін талап еткен. Жәбірленуші олардан қашып, жақын маңдағы дүкенге кіріп үлгерген. Алайда олар дүкенге кіріп, жәбірленушіні ұрып-соғып, өздерімен бірге алып кетуге тырысқан.

Полицейлер жүргізілген жедел іс-шаралар кешені нәтижесінде күдікті 18 және 19 жастағы екі жігіт анықталып, ұсталды. Тонау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Мұндай қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: