Ақтөбеде 7-сынып оқушысы жүкті болып қалған

11 Қыркүйек, 15:47 1892

Ақтөбеде 7-сынып оқушысы жүкті болып қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе мектептерінің бірінде 7-сынып оқушысының зорланғаны туралы ақпарат пайда болды.  

Бұл ретте полицейлер қыздың зорланбағанын, барлығы екі жақтың келісімімен болғанын алға тартады.

Зорлау фактісі расталған жоқ. Барлығы екі жақтың келісімімен болды. Қыз жүкті болып қалды. Қалай болғанда да қылмыстық іс қозғадық. Қалғанын әзірге қоса алмаймын, – деді полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, шілде айында Павлодар облысында 12 жастағы қыз босанған еді.  

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: