Ақтөбе облысының Хромтау ауданында 7 адам мінген алты көлік қар құрсауында қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар көліктерді қардан сүйреп шығарды. Құтқарылған медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Осы ретте ТЖМ ауа райы туралы ескертуге назар аударуды және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тысқары шығудан аулақ болуды ұсынады.