Ақтөбе облысында азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі түгі қалмай өртенді. Оқиға бүгін 26 сәуірде Хромтау ауданындағы "Самара-Шымкент" тас жолының 815 шақырымында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, 20 тонна тауары бар жүк көлігі Мәскеу-Худжанд бағыты бойынша кетіп бара жатқан.
Қызыл жалын сағат 17.55-те оқшауланып, 18-05-те сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің себебі анықталуда.