Ақтөбеде 20 тонна мектеп дәптерін өртеген күдікті ұсталды

21 Тамыз, 10:02 590

Полиция мектеп дәптері тиелген жүк көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаздың басында Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында 20 тонна мектеп дәптері тиелген Mercedes-Benz жүк көлігі өртенген болатын.

Полиция мәліметінше, күдікті қылмыс жасағаннан кейін екі айдан астам уақыт іздеуде жүрді. Келтірілген залал көлемі 54 млн теңгеден асады.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны қолға түсірді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: