Ақтөбеде 14 жасар қызды ағалары бірнеше жылдан бері зорлап келген

9 Қазан, 14:35 5257

Ақтөбеде 14 жастағы қыздың анасы қызын туыстары қорлағанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы жәбірленушінің анасы қоғам белсенділеріне айтып берген. 

23 қыркүйекте келіні ұйықтар алдында қызды құшақтап, не болғанын айтып беруін өтінеді.Сол кезде жасөспірім бәрін жайып салады. Туыстары, дәлірек айтсақ, 1998 жылы туған және 2004 жылы туған туыс ағалары 8 жастан бастап қызды зорлаған. Гаражда немесе үйде, ешкім болмаған кезде білгендерін істеген. Олар бәір бір үйде тұрған сияқты, — деп жазады құқық қорғаушы.

Осы оқиғадан кейін келесі күні қыздың анасы полицияға арыз жазып, төрт баласымен сол үйден шығып кеткен.

Бопсалау және зорлық-зомбылық әрекеттері туралы арыз тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Іс бойынша екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сот олардың соттылығының жоқтығын, кәмелетке толмаған балаларының болуын ескере отырып, үйқамаққа алу туралы шешім шығарды. Тұрғылықты жері бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды, – деп түсіндірді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық істі тергеудің барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: