Ақтөбе полицейлері көліктен аккумулятор ұрлаған азаматты құрықтады

3 Қараша 2023, 23:12 719

Ақтөбе полицейлері көліктен аккумулятор ұрлаған азаматты құрықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2 карашада белгісіз адам Ақтөбе қаласы Кобозев көшесіндегі үйдің жанында Ваз-2110 автокөлігінің капотын ашып, аккумуляторды жасырын ұрлап кеткен. Автокөлік иесі кешке көлігін үйдің жанына қойып, таңертең аккумуляторының ұрланғанын бір-ақ білген. 26 жастағы ақтөбелікке келтірілген шығын көлемі 35 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 26 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады, - делінген Ішкі істер ведомствосы таратқан хабарламада.

Ұрлық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындады.

Ұрланған аккумулятор тәркіленді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: