Ақтөбе өңірінде биыл 23 медициналық нысан бой көтереді

Кеше, 08:34 349

Биыл Ақтөбе облысында 23 медициналық нысан пайдалануға беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның 15-і су жаңа ғимаратта орналасады. Бұл туралы өңірдегі денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстар мен биылға жоспарланған жұмыстар жайы талқыланған аппарат мәжілісінде белгілі болды.

Жиында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереевтің сөзінше, өңірде басқармаға қарасты мемлекеттік 38 емдеу мекемесі бар. 2025 жылы Ақтөбе облысында медициналық сақтандырылған азаматтар саны –761 мыңнан асады.

Ол кадр тапшылығы мәселесіне де тоқталды. Биыл дәрігерлерге 166 бос орын бар. Оның ішінде қалалық жерде – 110, ауылдық жерде – 56. Былтыр ауылға қызмет етуге жіберілген 15 маманға 3 млн.тг. көлемінде және 25 маманға 8,5 млн.тг. көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл бағытта жұмыстар биыл да жылы да жалғасады.

Облыстың бас дәрігері былтырғы жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, биылғы жоспарлармен бөлісті. 2025 жылға жоспарлар: жалпы – 23 нысан пайдалануға беріледі. Оның 15-і жаңадан салынбақ.  Сонымен қатар 8 нысан бойынша күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Дәрі-дәрмек мәселесі бойынша биылға жергілікті бюджеттен 549 млн. теңге бөлінсе, республикалық бюджеттен - 9,2 млрд. теңге қаржы қарастырылған. Медициналық ұйымдарды жарықтандыру жыл соңына дейін 94.3% жеткізіледі деген жоспар бар. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: