Ақтөбе облысының аумағында 51 шетелдік азамат қауіпсіз жерге жеткізілді

30 Желтоқсан 2023, 20:29 1269

Ақтөбе облысының аумағында Тәжікстан және Өзбекстан Республикаларының 51 азаматты эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

30 желтоқсанда Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент тас жолында УФА-Ташкент бағыты бойынша жүрген жолаушылар автобусы аударылды.

Авариялық құтқару жұмыстары нәтижесінде құтқарушылар Өзбекстан, және Тәжікстанның азаматтарын Қарабұтақ ауылы «Маяк» кемпингіне эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ азаматтардан ауа-райының өзгеруін қадағалап отыруды, автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде жолға шықпауды сұрайды.

Берік Арманов
Бөлісу: