Ақтөбе облысындағы тұрғын үйлер отандық құрылыс материалдарынан салынуда

7 Тамыз, 07:27 751

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендеге 504 тұрғын үй салынып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталуға жақын, оның ішінде 43 үйдің салынып қойды. Мердігерлер отандық құрылыс материалдарына басымдық берді.

Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз, Қобда, Ойыл, Мұғалжар, Темір аудандарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Қобда және Мұғалжар аудандарында құрылыс аяқталуға жақын.

Қазіргі таңда Жағабұлақ ауылында 9, Бірлік ауылында 5 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Екі ауылдағы тұрғын үй құрылысын «Айлин Строй Проект» ЖШС жүргізуде. Қолданылатын құрылыс материалдары отандық өнім. Ақтөбеден пластикалық терезелер, аула ішіндегі тастар,  Қостанайдан қоршаулар алынды. Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласынан іргетас пен қабырғаларды тұрғызуға қажетті блоктар мен кірпіштер әкелінді. Ішкі жұмыстар аяқталды, барлық қажетті құрал-жабдықтар орнатылды», – деді учаске басшысы Мерген Қанайбеков.

Темір ауданының Құмсай ауылында 21 тұрғын үй салынып жатыр, құрылысқа екі мердігер тартылды.

Біз салып жатқан 12 үйдің сыртқы жұмыстары аяқталды. Құрылысқа қажетті экотонды блоктар мен кірпіштер толығымен жеткізілді. Абаттандыру жұмыстарымен қатар инженерлік инфрақұрылым да ретке келтірілуде. Үйлерді осы айдың ортасында пайдалануға бермекпіз», – деді «Мұғалжар құрылыс строй» ЖШС учаскесінің меңгерушісі Алтай Еренов.

Әйтеке би ауданында үйлердің біразын «Ерейментау» ЖШС салып жатыр. Мұндағы құрылыс жұмыстары 20 мамырда басталған. Қазір жұмыс аяқталып, іске қосу рәсімі жүріп жатыр.

Ақтөбе облысында тұрғын үйлердің құрылысын 50 мердігер ұйым жүргізіп жатқанын айта кеткен жөн. Тұрғын үй құрылысына қаражатты «BI Group» компаниясы, «Қазақстан халқына» қоры, ERG компаниялар тобы және Болат Өтемұратов атындағы қор бөлді. Одан бөлек, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі тұрғын үй құрылысының барысын тұрақты бақылауда.

Зарина Арман
Бөлісу: