Ақтөбе облысындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ойыл ауданның аттас ауылында ТЖД, полиция, жергілікті атқарушы органдар, ҚР ТЖМ 20982 ш/б күштерімен уақытша көпірде жол төсемінің үйіндісін нығайту және ұлғайту бойынша жұмыстарды жүзеге асыру кезеңе жүзу құралдарында 234 адам, оның ішінде 30 бала өзеннің арғы бетіне жеткізілген .
Сондай-ақ, облыс бойынша ТЖМ және ЖАО күшімен қар шығару, су ағындарын тазарту, жағалауларды нығайту, бөгеттер құру және суды бұру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Нәтижесінде облыс бойынша 12100 м3 қар шығарылды, 42650 м3 су сорылып, 2135 инертті материал салынған қапшықтар төселіп, 8 680 данасы дайындалды.
Елді мекенге қауіп жоқ. Өзендегі су деңгейінің төмендеуі байқалады. Жұмыс жалғасуда, - деп жазылған министрлік хабарламасында.