Ақтөбе облысында жолда қалғандар құтқарылды

Бүгiн, 00:15 269

ТЖМ қызметкерлері қар құрсауында қалғандарға көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, Ақтөбе облысының Ырғыз ауылынан 40 шақырымдай қашықтықта екі жол талғамайтын көлік қар құрсауына тұрып қалғаны туралы ақпарат келіп түсті.

ТЖМ құтқарушылары дереу көмекке келіп, арнайы тростың көмегімен көлік құралдарын жолдың тазартылған учаскесіне шығарды. Абырой болғанда, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, - делінген мәліметте.

ТЖМ жүргізушілерге сапарға шығар алдында ауа райы болжамын бақылап, төтенше жағдайлар үшін қажетті заттарды өзімен бірге алып жүруге кеңес береді.

Асқар Таудай
Бөлісу: