ТЖМ құтқарушылары 48 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, бүгін 112 пультіне Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы «Шымкент-Мәскеу» маршрутымен бара жатқан автобустың сынып, тоқтап қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Дереу шақырту орнына жеткен құтқарушылар көлік құралында 48 адам барын, соның ішінде 21-і Өзбекстан Республикасының азаматтары екенін анықтады. ТЖМ қызметкерлері барлығын вахталық автобуспен эвакуациялап, жақын жылыту пунктіне жеткізді, - делінген мәліметте.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.