Ақтөбе облысында жол апатынан екі шетелдік азамат қайтыс болды

17 Мамыр 2023, 00:25 728

16 мамыр күні Самара – Шымкент автожолының 824 шақырымында Toyota RAV-4 және Chevrolet Lacetti автокөліктері соқтығысқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Салдарынан Chevrolet көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, Өзбекстан азаматтары оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ Chevrolet автокөлігінің үш жолаушысы және Toyota RAV-4 көлігінде болған 5 жасар баласы бар ерлі-зайыптылар медициналық мекемеге жатқызылды.

ЖКО фактісіне қатысты тергеу басталды.

Берік Арманов
Бөлісу: