"Солтүстік айналма жол" автожолында Chevrolet автокөлігі мен MAN жүк автокөлігінің қатысуымен болған ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet жүргізушісі жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты.
Қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс атқаруда.
Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.