Ақтөбе облысында су тасқынан зақымданған көпір жөнделіп жатыр

14 Шілде, 20:14 575

Ақтөбе облысында көктемгі су тасқыны кезінде Ойыл ауылы кіреберісіндегі көпір зақымдалып, қазір қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өңірде қазір «ТенгизСтройСервисГрупп» ЖШС мердігер компаниясы арнайы техникалардың көмегімен асфальт бетін қыру, плиталарды тазалау, бөлшектеужұмыстарын бітірді.

Жалпы, ауданда су тасқынынан кейін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.Аудан бойынша зардап шеккендерге арналған 178 үй бой көтермек.. Сондай-ақ, 129 отбасыға өздерінің таңдаулары бойынша екінші нарықтан дайын тұрғын үйлер сатып алынды.

Зарина Арман
Бөлісу: