Ақтөбе облысында шілде айында 33 жол апаты тіркелген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облысы полиция департаментінің мәліметінше, шілде айында Ақтөбеде 33 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 11 адам қаза тауып, 49 адам түрлі жарақат алды.
Апаттардың негізгі себептері – жүргізушілердің жылдамдықты асыруы, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, жүру бөлігінде қауіпсіз қашықтықты сақтамау, қарсы бағыттағы жолаққа шығу, - делінген ақпаратта.
Осыған байланысты, Ақтөбе облысының полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жолдарда қырағы болуға және жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады.