Ақтөбе облысында қайтыс болған адамдар баспанаға үміткерлер тізімінде тұрған

27 Тамыз, 11:49 364

Ақтөбе облысының прокуратурасы тұрғын үй алу кезегіне жүргізген талдау кезінде заң бұзушылық барын анықтаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратура мәліметінше, Ақтөбе облысында 36 мыңнан астам адам кезекте тұр, оның ішінде көп балалы отбасылар, жетім балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар бар.

Бір қызығы, басқа елді мекенге тұрақты тұруға кеткен, еңбек қатынастары тоқтатылған және тұрғын үйді жекешелендіріп үлгерген 100-ден астам азамат баспанаға мұқтаждардың дерекқорынан шығарылмаған. Сонымен қатар мұқтаж азаматтардың тізімінде қайтыс болған 11 азамат кезекте тұрған.

Талдау нәтижесімен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезектегі тізімдерін түгендеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан дұрыс жүргізілмегені анықталды. Аталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, заң бұзушылықтар жойылды, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: