Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды

6 Ақпан, 13:19 748

Ақтөбе облысында үшінші күн қатарынан қатты боран басылмай тұр. Қазіргі уақытта көліктің барлық түрлері үшін халықаралық маңызы бар Самара-Шымкент тасжолының Ақтөбе қаласынан Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылына дейінгі бөлігі жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 50-ден астам полиция қызметкері, 17 патрульдік автокөлік жұмылдырылды. Олар тәулік бойы блок бекеттерде болады. Сондай-ақ жолдардың жабық учаскелерінде қалып қойған жолаушыларға көмектеседі.

Полиция жолда жүрген басқа да мекемелердің өкілдерімен бірлесіп, 30-ға жуық жеңіл және 20-дан астам жүк көлігін қар құрсауынан шығарып алды. Жол сақшылары азаматтарды алыс сапарлардан бас тартуға және метеорологиялық жағдайды ескеруге шақырады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: